Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің финалына шыға алмады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Брага (Португалия) челленджер жарысының финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған америкалық Николас Морено Де Альборанмен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы басымдылық танытты – 6:3.

Екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей Скатов 2:0 есебімен алға кеткенімен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Америкалық спортшы 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 44 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Т. Скатов 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

Қарсыласы 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар