Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды
2022 жылғы 16 қаңтар 14:05

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мысырда өткен ITF M15 жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Г.Ломакин тайбэйлік Рэй Хомен бірге финалда турнирдің бірінші ракеткалары, зимбабвелік Бенджамин Лок – Польша өкілі Даниэль Михальскимен бас жүлдені сарақа салды.

Тең дәрежеде өткен матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Г.Ломакин мен Р.Хо 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында ITF сериясында 15-інші, биылғы бірінші титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің жеңімпазы атанғанын, Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін жазған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT