Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Монреаль WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери – америкалық Кэтрин Харрисонмен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.

Бәсеке 56 минутқа созылды. Матч барысында Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 3 эйс, 5 брейкке қол жеткізді. Норвегиялық-америкалық жұп бірде-бір рет эйс не брейк жасай алған жоқ.

Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін канадалық Габриэла Дабровски – бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Прагадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар