Қазақстандық теннисші Мароккодағы жарысты сәтті бастады
2022 жылғы 14 мамыр 20:46

Қазақстандық теннисші Мароккодағы жарысты сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында жапониялық Ена Шибахарамен шеберлік байқасты.

Анна Данилина қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Е.Шибахара 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

А.Данилина іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольд немесе Бурунди өкілі Сада Нахимананың біреуімен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT