Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Данилина америкалық Ингрид Нилмен бірге бастапқы кездесуін марокколық Ясмин Каббай – ресейлік Екатерина Казионовамен өткізді.

Қазақстандық-америкалық жұп 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа созылған матчта олар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

А.Данилина мен И.Нилдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынап көрген. Алайда іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдқа 5:7, 1:6 есебімен жол беріп, негізгі турнирге өте алмады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик Женева ATP 250 жарысының алғашқы айналымында Польша өкілі Камил Майчрзактан жеңіліп қалды – 1:6, 7:6 (7:4), 3:6.

А.Бублик осымен қатарынан төртінші ірі доданың алғашқы айналымынан аса алмай отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте теннистен челленджер турнирінің басталғанын, Ролан Гаррос жарысына қазақстандықтардан кімдердің қатысатыны анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар