Қазақстандық теннисші Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты
А.Данилина америкалық Ингрид Нилмен бірге бастапқы кездесуін марокколық Ясмин Каббай – ресейлік Екатерина Казионовамен өткізді.
Қазақстандық-америкалық жұп 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа созылған матчта олар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
А.Данилина мен И.Нилдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынап көрген. Алайда іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдқа 5:7, 1:6 есебімен жол беріп, негізгі турнирге өте алмады.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик Женева ATP 250 жарысының алғашқы айналымында Польша өкілі Камил Майчрзактан жеңіліп қалды – 1:6, 7:6 (7:4), 3:6.
А.Бублик осымен қатарынан төртінші ірі доданың алғашқы айналымынан аса алмай отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте теннистен челленджер турнирінің басталғанын, Ролан Гаррос жарысына қазақстандықтардан кімдердің қатысатыны анықталғанын жазған болатынбыз.