Қазақстандық теннисші Лиссабонда турнирдің үшінші ракеткасын ұтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 233-ракеткасы, қазақстандық Тимофей Скатов Лиссабон (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 122-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, италиялық Франческо Пассаромен кездесті.

Т.Скатов бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті.

Екіншісінде қарсыласына есе жіберді - 5:7.

Үшінші, шешуші сетте Скатов тағы да ойын тізгінін өз қолына алды - 6:1.

Екі сағат 47 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Т.Скатов эйс жасағанымен, 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдалана білді. Ф.Пассаро 1 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 165-ракеткасы, франциялық Бенуа Пэрмен таласады. Ол екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 331-орында тұрған италиялық Джанмарко Морониді жолдан тайдырды. Есеп 6:4, 4:3 болып, Пэр жеңіп жатқан кезде Морони матчты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Лиссабон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисшілер Болгариядағы жарыстың ширек финалына шықты.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына өтті.

Бейбіт Жукаев Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсеткісі келеді.


Фото: ktf.kz


Соңғы жаңалықтар