Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.

Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ж.Құламбаева мен Г.Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Е.Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.

Елена Рыбакина алғаш рет үздік ондыққа енеді.

Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды.

Елена Рыбакина эйс жасаудан үздік атанды.

Фото – Қазақстан теннис федерациясы.


Соңғы жаңалықтар