Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы турнирдің финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дуэт жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рутуя Бхосале – ресейлік Екатерина Яшинамен шеберлік байқасты.

Ж.Құламбаева мен Г.Айнитдинова тартысты матчта 6:4, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Сенбі күні қазақстандық жұп соңғы бәсекеде доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар Анкита Райна – Прантхана Тхомбаремен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Аустралия чемпионатында эйс жасаудан үздік атанды.

Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды.

Фото – Қазақстан теннис федерациясы.


Соңғы жаңалықтар