Қазақстандық теннисші Испаниядағы ITF турнирінің ширек финалына өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Испанияның Пальма-дель-Рио ITF сериясы бойынша өткізіліп жатқан турнирдің ширек финалында күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

ITF турнирінің жалпы жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары.

Матчтың екінші айналымында Д.Евсеев үндістандық теннисші Адил Калянпурадан 7:5,7:5 есебімен басым түсті.

Турнирдің ширек финалында қазақстандық жапониялық Кайчи Учидомен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар