Қазақстандық теннисші Хасанов ITF Futures турнирінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Роман Хасанов Киевте өткен жүлде қоры 15 000 доллар болатын ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Бұл жайлы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Финалда Хасанов украиналық Артем Смирновтан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Ал, жартылай финалда Виталий Сачконы екі сетте 6:4; 6:2 есебімен, ширек финалда Владимир Ужиловскийді 7:5; 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы айналымдарында қазақстандық теннисші Александр Белинскийді (Украина) 6:3, 6:4 есебімен, Никита Маштаковты (Украина) 6:4, 5:7, 7:6 (6) есебімен тізе бүктірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар