Қазақстандық теннисші Гонгонгтағы ITF Futures жарысында жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконг қаласында жалпы жүлде қоры 25 мың долларды құраған ITF Futures сериялы жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жарыстың ақтық кезеңінде Денис Евсеев табан тірескен күресте қытайлық спортшы Ксин Гаоны 6:4, 1:6 және 6:4 есебімен ұтты. Матч екі сағат, екі минутқа созылды.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Таиланд теннисшісі Вишай Тронгчаронкулды 4:6,7:6(2),6:4 есебімен ұтқан. Жарыстың екінші айналымында Евсеев жапондық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен жеңді. Жарыстың старттық матчында Денис Гонконг теннисшісі Чагу Ламуды 6:1, 2:6, 6:3 есебімен жеңіп алды.

Қазақстандық теннисші үшін бұл мансабында ITF Futures сериясының жеке разрядтағы алтыншы титулы. 

Соңғы жаңалықтар