+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Гамбург турнирінің ширек финалына өтті

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:44
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Гамбург турнирінің ширек финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург ATP турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы, 20 жастағы канадалық Феликс Оже-Альяссиммен күш сынасты.

Бірінші партияда канадалық теннисші 3:1 есебімен алға шықты. Дегенмен А.Бублик таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз пайдасына жаза алды – 6:4.

Екінші партияда қазақстандық спортшы бірден алға кетті – 3:1. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

Матч барысында канадалық теннисші қателікке жиі бой алдырса, Александр тамаша ойнап, маңызды жеңіске қол жеткізді.

А.Бублик жүлде қоры 1,2 млн еуродан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринмен таласады. Ол екінші айналымда рейтингте 102-сатыдағы германиялық Янник Ханфманды 6:2, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбург турнирінің ширек финалына шыға алмағанын, Дмитрий Попконың Ролан Гаррос жарысында іріктеу кезеңінің финалына өткенін жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT