Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Контрексевил (Франция) ITF World Tennis Tour W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге финалда бельгиялық Кимпберли Циммерман – мажарстандық Далма Галфимен кездесті.

Бұл жұптар осы доданың бірінші және екінші ракеткалары еді.

Қазақстандық-норвегиялық жұп бірінші партияда қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте бельгиялық-мажарстандық жұп есе қайырды – 6:1.

Супер тай-брейкте А.Данилина мен У.Эйкери 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар