Қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияда Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі алдымен оңтүстіккореялық Джи-Сун Намды тартысты бәсекеде 6:1, 6:7 (11:13), 6:3 есебімен ұтты.

Содан кейін іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 298-ракеткасы, чехиялық Йонес Форейтекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, негізгі жарысқа жолдама алды.

Бейбіт Жұқаев челленджер додасының алғашқы айналымында әлемнің 99-ракеткасы, аустралиялық Макс Перселмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 348-орында тұрған франциялық Кенни де Схеппермен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлемнің экс-екінші ракеткасын жеңген Рыбакина матчтың өте ауыр болғанын айтты.

Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатына іріктеу сатысын сәтті бастады.


Соңғы жаңалықтар