+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші елордадағы турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылғы 23 қазан 21:54
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші елордадағы турнирдің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour M25 сериясы бойынша халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 9-13 жастағы балалар алғаш рет көкпар сайысына түсті Батутта секіруден Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы бір «алтын» Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жукаев ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге үздік шықты.

Б.Жукаев пен А.Кузнецов финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич – ресейлік Констан Кравчукты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – Б.Жукаевтың ересектер арасында ITF деңгейіндегі алғашқы табысы.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында финалға шыға алмады. Ол жартылай финалдық тартысты бәсекеде канадалық Филип Пеливоға жол берді – 6:7 (8.10), 7:5, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT