+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шықты

2021 жылғы 18 маусым 00:49
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Чехияда өтіп жатқан Простеёв челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Шахтермен» тең түсті Astana Marathon 2021 жүгіру жарысының жеңімпаздары анықталды Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдегер атанды

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші португалиялық Гонсалу Оливейрамен бірге алдымен чехиялықтар Эндрю Паулсон – Патрик Риклді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Қазақстандық-португалиялық жұп ширек финалда аргентиналықтар Федерико Кориа – Факундо Менаны 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда қарсыластары, боливиялықтар Уго Дельен мен Федерико Себальос жарысқа шықпағандықтан, А.Недовесов пен Г.Оливейра финалға ойнамастан өтті. Енді олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Зденек Колар – Роман Жебавымен бас жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жұптық сында Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына өтті. Қос Денис финалға шығу үшін украиналықтар Владислав Манафов – Виталий Сачкомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Украинадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның Берлин жарысының ширек финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT