Қазақстандық теннисші Бухарестегі турнирдің чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Бухарестегі ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 523-орында тұрған қазақстандық теннисші барлығы бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде Т.Скатов екінші айналымда жарыстың бірінші, әлемнің 284-ракеткасы, франциялық Мануэль Гинарды 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бүгін финалда қазақстандық теннисші рейтингте 785-сатыда тұрған италиялық Франко Агаменонені 6:4, 6:4 есебімен ұтып, бас жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Рим жарысының іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар