Қазақстандық теннисші Анна Данилина Прага жарысын жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилина Прага челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингте 277-орында тұрған А.Данилина бастапқы кездесуін әлемнің 168-інші, осы жарыстың 15-ракеткасы, Нидерланды өкілі Лесли Керкховемен өткізді.

Бірінші партияда нидерландылық спортшы тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аудара білді – 7:5, 6:1.

Бәсеке 2 сағат 24 минутқа созылды.

А.Данилина екінші айналымда әлемнің 211-ракеткасы, түркиялық Пемра Озгенмен шеберлік байқасады. Ол 3 сағат 25 минутқа созылған аса тартысты матчта әлемнің 195-ракеткасы, сербиялық Наталья Костичтің меселін қайырды – 7:5, 6:7 (7:9), 6:4.

Көптеген теннисшілер бақ сынап жатқан бұл дода 6 қыркүйекте мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Италиядағы жарыстың чемпионы атанғанын, қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тың ашық чемпионатындағы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар