Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен жаңартылған рейтингте Александр Бублик 36-орнында қалды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі челленджер жарысының финалына дейін жетуі нәтижесінде 144-тен 129-сатыға көтерілді.

Оған дейін оның үздік көрсеткіші 141-орын болатын. Сөйтіп ол ТОП-100-ге енуге жақындап келеді.

Бейбіт Жукаев 170-тен 168-ге ауысса, Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Дмитрий Попконың рейтингтегі жағдайы нашарлап кетті.

Жұптық сында Андрей Голубев 49-дан 48-ге жоғарыласа, Александр Недовесов 59-дан 65-ке сырғыды.

Ерлер арасында қазақстандық теннисшілердің орны мынадай:

36 (0). Александр Бублик – 1095

129 (+15). Тимофей Скатов – 257

214 (-18). Михаил Кукушкин – 284

305 (+2). Бейбіт Жукаев – 168

335 (-30). Денис Евсеев – 145

324 (-32). Дмитрий Попко – 120

975 (-1). Григорий Ломакин – 12.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің оныншы рет Аустралия чемпионы атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.

Ал Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина 10-ракетка атанды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар