+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілді

2020 жылғы 22 қыркүйек 21:30
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жаңартылған WTA рейтингісінде 27-орында көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Осыған дейін US Open, содан кейін Рим турнирінің ширек финалына шыққан Ю.Путинцева үш сатыға жоғарылап, өзінің 2017 жылғы үздік көрсеткішін қайталады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы 18-орнында қалса, Зарина Дияс 72-ден 76-ға сырғыды.

Рейтинг көшін аустралиялық Эшли Барти бастаса, румыниялық Симона Халеп екінші, жапониялық Наоми Осака үшінші орында келеді.

Ерлер арасында ATP рейтингісін сербиялық Новак Джокович бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші сатыда тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзінің 56-орнын сақтап қалса, Михаил Кукушкин 86-дан 87-ге, Дмитрий Попко 168-ден 170-ге төмендеді.

Қазақстандық теннисшілер Еуропада өтіп жатқан жарыстарда, әсіресе, алдағы Ролан Гаррос (Франция ашық чемпионаты) додасында табысты өнер көрсетсе, рейтингілерін жақсарта алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбургте екінші айналымға шыққанын, оның соққысы алғашқы күннің қорытындысы бойынша үздік деп танылғанын, Елена Рыбакиннаның ширек финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT