Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге жуықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандықтардың орны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-орыннан 43-ке сырғыды.

Есесіне, өткен аптада Лиссабон челленджер турнирінің финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 233-тен бірден 209-сатыға көтерілді. Сөйтіп спорттық жолында үздік көрсеткішіне қол жеткізіп, Қазақстанның екінші ракеткасы атанған 21 жастағы Т.Скатов ТОП-200-ге жуықтады.

Михаил Кукушкин 218-ден 221-ге, Дмитрий Попко 235-тен 295-ке төмендеп кетсе, Денис Евсеев 270-тен 267-ге жоғарылады.

Әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас бұрынғыша көш бастап келеді. Ол бүгін басталатын Astana Open ATP 500 жарысында бақ сынайды. К.Алькарас ертең әлемнің 26-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен ойнайды.

Тағы бір испаниялық теннисші Рафаэль Надаль рейтингіде норвегиялық Каспер Руудты басып озып, 2-орынға жайғасты.

Жұптық сында Андрей Голубев 52-ден 51-ге ауысса, Александр Недовесов 60-орнында қалды.

Мұнда ұлыбританиялық Джо Солсбериді артқа қалдырған америкалық Раджив Рам көш бастады. Нидерланд өкілі Уэсли Колхов 4-тен 3-сатыға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу сайыстары аяқталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендеді.




Фото: ktf.kz




Соңғы жаңалықтар