Қазақстандық теннисші Александр Бублик Галледе сәтті өнер көрсетуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Галледе өткен іріктеу сындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ресейлік Андрей Кузнецов Галледегі турнирдің іріктеу сынының бірінші раундында Қазақстан өкіліне 6:2, 4:6, 4:6 есебімен жол берді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 27 минут өнер көрсетті. АТР рейтингінде 79-шы орында тұрған Туланың 26 жастағы тумасы бір эйс жасап, екі қос қателік жіберді.

Спортшылардың екеуі де екі брейктен жасады. Негізгі сеткаға шығу үшін Бублик неміс Максимилиан Мартерермен ойнайды. Ол екі тай-брейкте өзбекстандық Денис Истоминді жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар