Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 419-ракеткасы Д.Попко жарыс барысында бес кездесуін де сәтті өткізді.

Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен кездесті.

Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Біршама тартысты өткен бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Енді Елена Рыбакина - әлемнің төртінші ракеткасы. Ол Франция астанасы Парижде өтетін Ролан Гаррос жарысына қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар