Қазақстандық теннис төрешісі өмірінің соңына дейін сертификаттан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистің екі төрешісі құпия түрде шеттетілді, тағы төртеуіне Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өмірлерінің соңына дейін қандай да бір спорт түрінде жұмыс істеуге тыйым салуы ықтимал.

Мәселе Қазақстан, Түркия және Украина төрешілері туралы болып отыр. Олар онлайн режіміндегі матчтардың қорытындыларына айла-шарғы жасағаны, букмекерлік компаниялардан пара алғаны үшін айыпталып отыр.

2015 жылы қазақстандық төрешілердің бірі Кирилл Парфенов басқа төрешілермен Facebook арқылы матч қорытындыларына айла-шарғы жасату әрекеті үшін өмірінің соңына дейін сертификатынан айырылды.

Сондай-ақ букмекерлік компанияның сайтында теннис матчтарына ақша тігілген аккаунтты ұдайы пайдаланғаны үшін 2015 жылдың тамызында 12 айға шеттетілген Хорватия төрешісі Денис Питнердің төрешілік ету құқығынан айыру жайы жасырылған, деп жазады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар