Қазақстандық теңізшілер Кореяда теңіз флоты жарысына қатысып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери делегациясы ІІІ халықаралық теңіз флоты жарысына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация Корея Республикасының Чеджу аралында өтіп жатқан ІІІ халықаралық теңіз флотының жарысына бақылаушы ретінде қатысып жатыр. Қазақстандық командаға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов жетекшілік етті.

III халықаралық теңіз флотының байқауы Корея Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 70 жылдығына орай өткізілуде. Кореялық тарап қатысушылар мен сайыс қонақтары үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Оқу көрсетілімі мен Корея Республикасы, Индонезия, Канада, Вьетнам, Малайзия, Аустралия және Жапония теңіз флоты корабльдерінің мерекелік шеруі болды.

Одан басқа, ҚР ӘТК делегациясы теңіз қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық көрмесін тамашалап, Тынық мұхиты Батыс бөлігінің әскери симпозиумына қатысады. Сапар ағымдағы жылдың 14 қазанында аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар