+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандық телеарнаның 185 қызметкері коронавирусқа тексерілді

2020 жылғы 22 мамыр 10:18
Бөлісіңіз:
Қазақстандық телеарнаның 185 қызметкері коронавирусқа тексерілді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық телеарнаның 185 қызметкеріне коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Cұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 58 мыңнан асты Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді

«Қазмедиа орталығындағы «Еуразия» телеарнасының екі қызметкерінен алдын алу мақсатындағы тексеріс барысында COVID-19 вирусы анықталды. Екі жағдайда сырқат симптомсыз болған. Пациенттер стационарға жатқызылды. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін телеарнаның 185 қызметкері зертханалық тексеруден өтті. Эпидемияға қарсы барлық жиынтық іс-шаралар жүргізілді, жақын және ықтимал байланыстар анықталып, оларға үй карантиніне белгіленген. «Қазмедиа орталығы» ғимаратында санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп пен департамент тарапынан бақылау күшейтілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше «Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық телеарнаның екі қызметкері вирус жұқтырғанын растады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT