Қазақстандық телеарналар іргелес елдерде көрсетілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мемлекеттік телеарналарды іргелес елдерде көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алыстағы ағайын елден тұрақты хабар алып, байланыста болғысы келеді. Қазақстанда не болып жатқандығын білгісі келеді. Істеген істерді көргісі келеді. Қазақ шетелдік көрермендерге арналған «Қазақ телеарнасы» қандастарымыз тұратын аймақтардың біразын қамтиды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Үкіметке мемлекеттік телеарналарды іргелес елдерде көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды жүктеймін. Бұл мерзімді баспасөзге де қатысты. Бірге жұмыс жасауы керек», - деп атап өтті Президент құрылтайдың ашылуында.

Бұның алдында Н. Назарбаев шетелдік қазақ балалары үшін арнайы стипендиялық бағдарлама енгізуді жүктеген болатын .  Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыру керек екендігін де айтқан.  

Айта кетейік, Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар