Қазақстандық театр халықаралық форумнан бас жүлдемен оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «Золотой витязь» театр форумынан Гран-при жүлдесімен оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат театрдың ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық мәліметтеріне қарағанда, Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «Золтой витязь» театр форумына Ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан сияқты өзге де бірқатар шет мемлекеттердің театрлар ұжымы қатысты. Форумның комиссия қатысушы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Отелло» (Авторы: У.Шекспир, реж. Т. Теменов, Қазақстанның Халық әртісі) трагедиясы сомдап, қазылар алқасының шешімімен «Золотой витязь 2018» мүсіншесінің, яғни Гран-при иегері атанды. 

null
Бұл - қазақ театрының жемісі, тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының кезекті жеңісі!
null null null 

Соңғы жаңалықтар