Қазақстандық тауарлардың қаптамасын жасауға мемлекет көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіптік дизайн мен қаптамалық шешімдер орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы «Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Батырбек Әубәкіров мәлімдеді.
Қаптаушылар қауымдастығы базасында өнеркәсіптік дизайн мен қаптамалық шешімдер орталығын ашамыз. Осылайша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қазақстандық тауарлардың ребрендингіне басымдық береміз деп ойлаймын. Мәселен, «Рахат» компаниясы жылына 3 миллиард теңгеге қаптама сатып алады және өз тауарын шетелге табысты экспорттап жатыр. Біздің ойымызша, өзге зауыттардың да әлеуеті зор және олардың анағұрлым сапалы әрі жаңа қаптамаға ауысуына көмектесу қажет», - деді Б. Әубәкіров елордада өткен «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту» форумында.
Оның айтуынша, мемлекет жаңа қаптама шығындарын өтеуге көмектесе алады.
«Мәселен, жоғары сапалы қаптама миллион теңгеге бағаланса, мемлекет оның 800 мың теңгесін өтейді. Қалған 200 мың теңгені кәсіпкер төлейді. Әзірге Үкіметпен кеңесіп жатырмыз. Шамамен 1 қыркүйекте Үкіметке ақпарат жіберіп, келесі жылғы бюджеттен қаражат қарастыра береміз. Кез келген кәсіпкер өз тауарын Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға экспорттағысы келсе, сол өңірлерге тән қаптама жасауды ескеруі қажет. Бұл үшін біз көмектесуге әзірміз», - деді Батырбек Әубәкіров.
- Еліміздегі ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарына 5,7 млн теңге айыппұл салынды
- 2020 жылы жаңа көліктер арасында ең көп сатылған брендтер белгілі болды
- Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
- Алматыда ішкі нарықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
-
1 сәуірден бастап таңбалануы міндетті темекі өнімдерінің тізімі ұзартылады
-
Қазақстандықтар 2020 жылы қанша алтын құйма сатып алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам