Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина қызының есімін кім деп қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина жуырда ғана туған қызының есімін қойды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы хабарлады.

Айта кетейік, жақында ғана әйгілі әнші, эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдинаның дүниеге қыз әкелгені туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Ал әншінің қызының есімін кім деп қоятыны қалың көпшіліктің қызығушылығын тудырып келгені рас. Енді бүгін міне, Қарақаттың қызының есімі де белгілі болды.

«Әкесі оның есімін «Аяла» деп қойды»,- деп жазды Қарақат өзінің инстаграм парақшасында.

Текті де, тегеурінді өнер-,деп бекерден айтылмаса керек... Өнердің өзі ананың сүтімен, атаның қанымен келетін қасиет. Балаларымыздың бойынан сол өнердің сəл ұшқынын көрсек қуанып,болашағынан үміт етеміз.Тілі шықпай тұрып, əкесінің айтқан термесіне елітіп, қосылғанынан-ақ өнердің қанмен берілетін қасиет екенін ұққандаймын. Бізден ән шашу болсын😀#әкеменбала#арxив# Қайырлы кеш! @kydyrali_bolman😍

Публикация от Karakat (@karakat_a) Май 22 2017 в 4:27 PDT

Айта кетейік, Аяла деген есім Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша еліміздегі ең көп тараған есімдердің бірінен саналады.

Соңғы жаңалықтар