Қазақстандық танк экипаждарының әлем чемпионатына дайындығы пысықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өтетін «Танк биатлоны-2018» халықаралық әскери ойындарының дайындығы пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Танк биатлоны» халықаралық әскери чемпионаты 2014 жылдан бастап өткізілуде, Қазақстан өз кезегінде аталған шараға тұрақты түрде қатысып келеді.

Басты талап - арнайы кедергілерден сүрінбей өтіп, белгіленген қашықтықты жылдам меңгеру. Жарыс әскери тәжірибені пысықтау мен әскери техниканы меңгеру машығын тексеруге арналған. Танк биатлоны жеке және команда болып жарысатын екі кезеңнен тұрады.

Қазақстандық танк экипаждарының Аягөздің «Майлин» полигонындағы танк биатлонына дайындық барысына тоқтала келе, «Биылғы дайындықты ерте бастадық, алдарыңызда Қазақстан бойынша үздік деп таңдап алынған экипаждар өз дайындықтарын көрсетуде. Қазір сарбаздар танкті меңгеру мен кедергілерден өту бойынша жоғары нәтиже көрсетуде, ендігі мақсат - уақыт жылдамдығын пысықтау. Бұл шарада біз әскери шыңдалуымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар үздік тәжірибемізді паш етеміз», - дейді Астана өңірлік қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Юрий Асқаров.

Қазақстандық командада 21 әскер, оның 4-уі - экипаж мүшелері. Жаттығу дайындығы Т-72А танкісімен арнайы полигонда жүруде.

 «Танк биатлоны жарысына 6 жыл қатарынан қатысып келемін, мен үшін Қазақстан қарулы күштерінің мықтылығын әлем елдері алдында көрсету үлкен абырой және жауапты іс. Танк биатлонында экипаждардың ең жоғарғы көрсеткіші - 19 минут, біз сол нәтижені жаңартуды мақсат етіп отырмыз», -дейді Аягөздегі №10810 әскери бөлімі, 2 танк батальонының аға-маманы, жүргізуші Думан Байжанов.  

Биылғы танк биатлоны Мәскеу маңындағы Алабино полигонында 28 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, әскери жарысқа қатысуға 24 мемлекет өтініш білдірген. Қазақстан өткен жылғы халықаралық танк биатлонынан 2-орын иеленген болатын.    
nullnull

 

Соңғы жаңалықтар