Қазақстандық танк экипаждарының әлем чемпионатына дайындығы пысықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өтетін «Танк биатлоны-2018» халықаралық әскери ойындардың дайындығы пысықталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Танк биатлоны» әскери ойыны, Ресейде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазақстан бұл шараға 2014 жылдан бастап тұрақты қатысуда. Танк биатлоны жеке және команда болып жарысатын екі кезеңнен тұрады.

Басты талап арнайы кедергілерден сүрінбей өтіп, белгіленген қашықтықты жылдам меңгеру. Жарыс әскери тәжірибені пысықтау мен әскери техниканы меңгеру машықтығын тексеруге арналған.

Қазақстандық танкшілердің Аягөздің «Байлин» полигонындағы танк биатлоны жарысына дайындық барысына тоқтала келе, «Биылғы дайындықты ерте бастадық, алдарыңызда Қазақстан бойынша үздік деп таңдалынып алынған экипаждар өз дайындықтарын көрсетуде. Қазірде танкті меңгеру мен кедергілерден өту жоғары нәтижеде , ендігі мақсат уақыт жылдамдығын пысықтау. Аталған шарада біз әскери шыңдалуымызды көрсетіп қана қоймай, әскердегі үздік тәжірибемізді паш етеміз. Танк биатлоны чемпионаты қатысушы елдердің қарулы күштерінің әскери ынтымақтастығымен жауынгерлік достастығын нығайтуға бағытталған деді, Астана өңірлік қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Юрий Асқаров.

Қазақстандықкомандада 21 әскер, оның 4-уі экипаж мүшелері. Жаттығу дайындығы Т-72А танкісімен арнайы полигонда жүруде.

«Танк биатлоны жарысына 6 жыл қатарынан қатысып келемін, мен үшін Қазақстан Қарулы күштерінің мықтылығын әлем елдері алдында көрсету үлкен абырой және жауапты іс. Танк биатлонында экипаждардың ең жоғарғы көрсеткіші 19 минут, біз сол нәтижені жаңалау мақсатын қойып отырмыз», - деді Аягөздегі 10810 әскери бөлімі, 2 танк батальонының аға-маманы, механик жүргізуші Думан Байжанов.

Биылғы танк биатлоны Мәскеу маңындағы Алабино полигонында 28 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, аталған әскери шараға 24 мемлекет қатысуға өтініш білдірген. Қазақстан өткен жылғы танк биатлоны халықаралық әскери ойынында 2-орын иеленді.

Айта кетейік, «Танк биатлоны-2018» әскери жарысына дайындық барысы ҚР Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур аясында көрсетілген болатын.

null

Соңғы жаңалықтар