Қазақстан Олимпиада ойындарына тағы екі жолдама алды

УХАНЬ. ҚазАқпарат - Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан қазіргі бессайыстан лицензиялық Азия чемпионатында екі қазақстандық Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес , құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан командасының мүшелері Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
«Елена Потапенко Азия чемпионатынан 12-ші орын иеленіп, Олимпиадаға жолдама алды. Олимпиадаға іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, құрлық бәсекесінде 5 жолдама сарапқа салынды. Әр елден тек бір спортшы ғана лицензияға үміткер бола алады. Потапенконың алдында Оңтүстік Кореяның – төрт, Жапония мен Қытайдың – үш, Өзбекстанның бір спортшысы бар. Осылайша, Елена Потапенко #teamKZ қоржынынан 24-ші жолдаманы салды. Ерлер арасында Павел Ильяшенко төртінші орын иеленіп, Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алды», - делінген комитет мәліметінде.
Айта кетейік, бүгінгі дейін Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасына 25 лицензия бар. Атап айтсақ, Юрий Юрков (нысана көздеу), Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату), Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Дмитрий Баландин (100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), Ольга Рыпакова, Георгий Шейко (жеңіл атлетика), Евгений Гидич (велоспорт, лицения командаға беріледі), садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжан Мұсаев; командалық және жекелей сын), Виталий Худяков (ашық суда жүзу), Екатерина және Александра Немич (синхронды жүзу), Милад Карими (спорттық гимнастика), Валентина Исламова, Элмира Сыздықова (әйелдер күресі), Асхат Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі), Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали (еркін күрес) жолдама алған болатын.
- Алтай Көлгінов елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды
- Үйіңе келу қашан да бақыт- Геннадий Головкин
- Әлемдік автоспорт жұлдыздары Қазақстанға келеді
- Жәнібек Әлімханұлының WBC-тегі рейтингі тағы жоғарылады
-
Нұржан Мақашбаев профи-рингтегі екінші айқасын да тең аяқтады
-
Павлодарда мультимедиялық музей, жабық футбол манежі, онкодиспансер ашылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам