Қазақстандық таеквондошылар Түркиядағы турнирде 7 медаль алды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында таеквондодан рейтингілік «Turkish open G1» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 3 күміс және 4 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Әлімжан Серікбаев (63 кг) мен Смайыл Дүйсебай (+87 кг) күміс жүлдегер атанса, қыздар арасында Жансель Денис (73 кг) екінші орыннан көрінді. Ал ел қоржынына қола жүлдені салғандар Эльдар Бірімбай (68 кг), Әбдусамат Лес (74 кг), Руслан Жапаров (+87 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (73 кг) болды.



Соңғы жаңалықтар