Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 5 медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошылар Фуджайрадағы (БАӘ) рейтингтік «Fujairah Open G2» халықаралық турнирінде 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic kz.

Аталған жарыста 54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) мен Айтолқын Орынбасар (73 кг) күміс медальмен көзге түссе, Алмат Қожахмет (68 кг) пен Әмина Нұрғазықызы (62 кг) қоланы қоржынға салды.
Соңғы жаңалықтар