Қазақстандық таеквондошылар әлем кубогына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таеквондодан Қазақстан құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтетін командалық есептегі әлем кубогына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР  ҰОК баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дода 25 шілде күні Қытайдың Уси қаласында өтеді. Онда Қазақстан намысын Айтуар Шайкенов, Нұрсұлтан Мамаев, Лес Абдусаммат, Дүйсебай Смайыл қорғайды.

Командалық есептегі әлем кубогы G8 санатындағы турнирге жатады. Бұл жарысқа қатысып, жеңіске жеткен спортшылар әлемдік рейтингтегі жағдайын да біраз жақсарта түспек.

Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Шылмановтың айтуынша командалық есептегі әлем кубогына рейтингтегі үздік 16 команда ғана қатыса алады. Қазақстан құрамасы 10-шы орында тұр. Таеквондодан негізгі құрам Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындалу үстінде. Ал Қытайға бара жатқан спортшылар өз салмақтарының үздігі болғанымен олар сынға түсетін салмақ дәрежелері Азиада ойындарының бағдарламасына енбеген.

Қазақстан құрамасы әлем кубогына дайындық кезеңін Астанада өткізді. Бүгін түнде олар Қытайға ұшып кетеді.

Соңғы жаңалықтар