Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатын сәтсіз бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерацияның хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні үш қазақстандық таеквондошы алаңға шықты. Алайда, жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.

Айталық, 46 келіде ел намысын қорғаған Айнұр Уашпай алғашқы айналымда ирандық Махла Момензадехтен ұтылса, 58 келіде бақ сынаған Елдос Ысқақ үшінші кезеңде мексикалық спортшыға 20:36 есебімен жол берді.

Ал 73 келіде Қазақстан құрамасының үздік спортшысы Жансель Дениз екінші айналымда испаниялық қарсыласынан 0:22 есебімен ойсырай ұтылды.

Айта кетейік, таеквондодан әлем чемпионаты 19 мамырда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар