Қазақстандық таеквондошы кадеттер арасында Азия чемпионы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Вьетнамның Хошимин қаласында таеквондодан (WTF) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында батысқазақстандық Лиана Кушкеева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Оның жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, 2003 жылғы Лиана 51 кг салмақта үш кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Финалда ирандық спортшыны 15:14 есебімен тізе бүктірді.
null

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында дүниеге келген Л.Кушкеева  қазіргі кезде Оралдағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында оқып, жаттығады. Ата-анасы қызының таеквондомен дендеп шұғылдануы үшін Оралға көшіп келген, пәтер жалдап тұрады.

Еске сала кетейік, биыл Орал қаласында олимпиадалық ойын түріне жататын таеквондодан (WTF) кадеттер арасындағы ел біріншілігінде топ жарған Лиана одан кейін Мәскеуде «Патриот 2017» бүкілресейлік турнирінде қола жүлдегер атанған болатын. 
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар