Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді.

Бұл – біздің команданың Түркияда алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасурбек Клычов пен Жансель Дениз жүлдегер атанған болатын.



Фото: olympic.kz



Соңғы жаңалықтар