Қазақстандық студенттердің тиінді жасауына не себеп

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Студенттердің биіктігі бес метрлік тиінді жасауға қанша уақыт пен қаржысы кеткендігін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  «Қаскелең» агропаркінің коммерция бойынша маманы Ринат Фазылбековтан сұрастырып білді.

Оның айтуынша, бес метрлік тиінді қазақстандық студенттер небәрі бір тәуліктің ішінде дайындаған. Оны құрастыруға ағаш тіреулер мен сабан пайдаланылған.

null «Мұның алдында біз жаңа машинаны сынақтан өткізу үшін  шөп шапқан едік. Бізде шөп молынан жиналды. Студенттер өз тиіндерін жасауды ұсынды»,-дейді Ринат Фазылбеков.

null«Қаскелең» агропаркі аграрлық ЖОО-лармен және техникалық факультеттермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Агропарк маманының айтуынша, ғылыммен байланысты бұл жоба - республикамыздағы нөмірі біріншісі.

null«Агропарктің барлық қонағын мәдени дақылдарды өсіру, яғни осы салада қалай табысқа қол жеткізу жолдарымен таныстырамыз. Ғылым мен бизнесті, ғылым мен өндірісті қалай біріктіру керек екендігі жайлы айтамыз. Студентеріміздің ғылыми жобаларын аграрлық салада, өзге де технологиялық секторларда қалай қолданып жатқандығын көрсеткіміз келеді»,-деп атап өтті Қаскелең агропаркінің маманы.

null Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда осындай алып тиін орнатылып, ол әлеуметтік желіде үлкен әңгіме туғызған. Енді мінеки, Қаскелеңде де сабаннан жасалған бес метрлік тиін пайда болды.  Оның авторы - қазақстандық студенттер. 

Соңғы жаңалықтар