Қазақстандық студенттер жемқорлық пен қағазбастылықты шатастырады - С.Ахметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық студенттер «жемқорлық» түсінігі туралы аз хабарландырылғандықтан, оны қағазбастылықпен немесе тұрмыстық құқық бұзушылықтармен шатастырады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты.

«Қазіргі кезде жоғары оқу орындары студенттерінің жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктері көңіл көншітерліктей емес. Биылғы сәуір айында Астана қалалық жастар саясаты басқармасы жүргізген әлеуметтік зерттеу көрсеткендей, сұралған студенттердің 84 пайызы жемқорлық ұғымын толық түсінбек түгілі, оны қағазбастылықпен немесе тұрмыстық құқық бұзушылықпен шатастырады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл жастар арасында жемқорлықтың өз деңгейінде түсіндірілмей отырғандығының салдары.

С.Ахметовтің пікірінше, қазіргі кезде ЖОО-ларда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жұмыстары немқұрайлы жүргізіліп, қызықсыз семинарлар мен лекциялар өткізумен шектеледі және олар жүйелі түрде жүргізілмейді. Оған студенттердің көп бөлігі қатыспайды, сондықтан олар жемқорлық туралы толыққанды ақпарат ала алмайды.

«Білім алушылар үшін бұл тәсілдер қызығушылық туғызбайды. Өйткені оларда заманға сай көрнекі құралдар жоқ. Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыратын ақпараттарды берудің жаңа формалары ойлап табылмайды. Сондықтан мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жаңа саясатын ескере отырып, ұстаздар қауымының біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен қатар жемқорлықпен күресуде жетістікке жеткен елдердің тәжірибесін де кеңінен қолдану қажет», - дейді төраға орынбасары.

Соңғы жаңалықтар