+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Қазақстандық студенттер WorldSkills бойынша Еуразия чемпионатында 7 медаль алды

2021 жылғы 27 шілде 10:21
Бөлісіңіз:
Қазақстандық студенттер WorldSkills бойынша Еуразия чемпионатында 7 медаль алды

НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медальға ие болды. Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған команда 2 күміс, 5 қола медаль алды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды 2 мыңнан астам алматылық оқушы онлайннан дәстүрлі оқыту форматына ауысты ШҚО-да келесі жылы 6 мектеп бой көтереді

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат 7 маусым мен 23 шілде аралығында онлайн форматта өтті. Қазақстандық студенттер Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген құрдастарымен бәсекеге түсті.

«Биыл Еуразиялық чемпионатты ұйымдастыруға қатысушы елдердің барлығы ат салысты. Олар алаңдар жасақтап, қатысушыларға қажетті құрал-жабдықтарды ұсынды. Еуразия чемпионатының мақсаты – кадрларды даярлауда ұлттық жүйелерді одан әрі кеңейту үшін жаңа дағдылар мен тәжірибе алмасу»,– деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Ұлттық құрама Еуразия чемпионатына 9 құзыреттілік бойынша қатысты. Нәтижесінде қазақстандық студенттер «Электромонтаждау жұмыстары», «Графикалық дизайн», «Шаштараз өнері», «Сылау және декоративтік жұмыстар», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер», «Кондитерлік іс» және «Сән технологиялары» сынды 7 бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Ұлттық құраманың Еуразия чемпионатына қатысуы WorldSkills халықаралық қозғалысын дамыту және ілгерілету бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Сондай-ақ кадрларды даярлаудағы әлемдік трендтерді зерделеуге, отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін артыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, WorldSkills халықаралық қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және кадрларды кәсіби даярлаудың стандарттарын арттыру. Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қосылды. Содан бері ұлттық құрама халықаралық жарыстарға белсене қатысып жатыр. Жеті жыл ішінде Қазақстан 50-ші орыннан 14-ші орынға көтеріліп, халықаралық рейтингтегі орнын нығайтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT