Қазақстандық студенттер шетелден несие алып, қайтармайтын жайттар бар – Айбек Смадияров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға Шенген визасын беру үшін енгізілген қосымша консультация енгізілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Демек, біздің азаматтар шетелде мұндай шара қабылдауға себеп туындатып жатыр. Біздің кейбір азаматтар Шенген елдерінде жүріп автомобиль жалға алғанда тиесілі айыппұлды төлемей елден шығып кетеді. Мұның бәрі қордаланатыны түсінікті. Өзге де заң бұзу әрекеттері болады. Бөтен елге барған соң сондағы ережелер мен заңдарды сақтау керек. Студентттер несие алып, төлеместен кетіп қалады», - Айбек Смадияров СІМ брифингісінде.


Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар