+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандық студенттер Ресейден автобуспен елге оралуда

2020 жылғы 22 сәуір 01:48
Бөлісіңіз:
Қазақстандық студенттер Ресейден автобуспен елге оралуда

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер елге оралуда. Бұл туралы Қазақстан Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шықты. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.

«Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының және РФ-дағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерінің ілесуімен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады», - делінген мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT