+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Қазақстандық студенттер коронавируспен күресте көмек көрсетуде

2020 жылғы 27 наурыз 13:30
Бөлісіңіз:
Қазақстандық студенттер коронавируспен күресте көмек көрсетуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар кафедрасының оқытушылары және Астана медицина университетінің студенттері коронавирустық инфекциямен күресуде күш біріктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

Резиденттер ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығында ұйымдастырылған оқшаулау бөлімінде жұмыс істеп жатыр. Олар тәулік бойы COVID-19 диагнозын жұқтырып алған болуы мүмкін тұрғындарды қабылдап, оларға жаңа вирус туралы түсіндіруде.

«Жұқпалы аурулар кафедрасының резиденттері 1406 нөмірі арқылы байланысуға болатын call-орталығы жұмысына да тартылған. 6 және 7 курста оқитын резиденттер мен интерндер Нұр-Сұлтан қаласындағы копсалалы медициналық орталықта науқастарға кеңес беру, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдстыру сияқты жұмыстар атқаруда», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, елордадағы медициналық жоғары оқу орнында оқитын 30 студент карантиндік стационар болып жабдықталған Ramada Plaza қонақ үйінде корнавирустың таралуын тоқтату бойынша жұмыс жүргізуге ниет білдіргн.

«Жалпы алғанда 31 мамандық бойынша 500 резидент және Қазақстан аймақтарындағы 50 резидент қазіргі уақытта медициналық қызметшілермен бірге вирустың таралу қаупін тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT