Қазақстандық студенттер халықаралық ІТ олимпиадада үздіктер қатарына енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық студенттер бағдарламалау бойынша өткен халықаралық олимпиадада үздік 30 топтың қаратына енді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, ел студенттері Даккада (Бангладеш) өткен халықаралық олимпиадада 130 университеттің ішінен үздік 30 топтың қатарына кірген.

«Біздің студенттер ең ірі студенттік IT олимпиадада тамаша нәтижелер көрсетті. Қазақстандықтар әлемдегі ең мықты 30 команданың қатарына енді. Қатысушыларымызды жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймын. Келесі жылы қазақстандық студенттер жаңа биіктерді бағындыра алатынына сенімдімін. Ал біз ғылым және жоғары білім министрлігі ретінде болашақ чемпиондарға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, ICPC халықаралық студенттік олимпиадасы 1977 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Олимпиада командалық форматта өтеді. Оған бір оқу орнынан үш студенттен тұратын жалғыз команда қатысады.


Соңғы жаңалықтар