Қазақстандық студент халықаралық бейнероликтер байқауының жеңімпазы атанды

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - 17 желтоқсанда Санкт-Петербургтен 10-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында «Адам құқықтары біздің көзімізбен» атты халықаралық бейнероликтер байқауының онлайн көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Адам құқықтары жөніндегі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы байқау алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. Оған Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Қазақстан Республикасынан және

Қырғыз Республикасынан 5 000-нан астам адамы қатысты.

Қатысушылар санының 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артуы байқау тақырыбының балалар мен жастар арасында өзекті екендігін көрсетеді.

Қатысушылар өз жұмыстарын 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелеріне

арнады.


Қазіргі уақытта декларацияның ережелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Конституцияларының негізін құрайды.

Бейнероликтердің көпшілігі жалпыға бірдей декларацияның 1, 3, 26-баптарының ережелеріне, атап айтқанда адамның білім алу құқығына (168 жұмыс), өмір сүру құқығына, бостандыққа және жеке басына қол сұқпаушылыққа (162 жұмыс), әркімнің өз абыройы мен құқықтарындағы еркіндігі мен теңдігіне, бауырластық

рухындағы бір-біріне деген көзқарасына (127 жұмыс) арналды.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының мүшелері тікелей эфирде адам құқықтары туралы түскен 1475 бейнероликтің арасынан үздік шыққан 35-ін жариялады.

Халықаралық байқаудың бас жүлдесін (Grand Prix) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті Азамат Ибрагим иеленді. Оның бейнеролигінің тақырыбы: «Ар-ождан бостандығы және діни сенім». Оның жұмысының негізіне Юрий Левитанскийдің «Әркім өзі үшін таңдайды» өлеңі арқау болған.

Азамат Ибрагимнің бейне жұмысы байқауға түскен 1475 жұмыстың ішінде үздік деп танылды.

Байқауды ұйымдастырушылар: П.Г.Ольденбургский ханзада атындағы Санкт-Петербург құқық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институты, «СТРАТЕГИЯ гуманитарлық-саясаттану орталығы» өңіраралық қоғамдық ұйымы.

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстандағы ТДМ - 2030 қоғамдық институты, Еуразия технологиялық университеті, Eurasian Center for Economic and Legal Research, #UNODC, Street Law Kazakhstan Шәйкенов оқушыларының қауымдастығы конкурстың серіктестері болды.

Байқауды өткізуді Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Санкт-Петербургтегі консулдықтары қолдады.


Соңғы жаңалықтар