Қазақстандық стартапшылар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу мүмкіндігіне ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Kazakhstan Digital Accelerator халықаралық акселерациялық бағдарламасының алғашқы легін іске қосуға арналған ресми шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Стартап-жобаларды қолдайтын бірден-бір шараны Quest Ventures сингапурлық қоры құрған болатын. Ал бүгінгі шара осы үш айлық акселаторлық бағдарламаның аяқталуы болып есептелінеді. Жалпы 200-ден астам стартап-компаниялар жобаларын ұсынған еді. Іріктеуден кейін 15 компания қалды. Ал екінші кезеңде 10 компания таңдап алынды. Демек осы компаниялар акселерациялық бағдарламаны бітіреді деген сөз. Содан кейін олар сингапурлық қордан тікелей инвестиция алады. Әр компания 50 мың доллардан алады және бұл қаражатқа жобаларын дамытады. Сонымен қатар Сингапур арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу мүмкіндігіне ие болады. Көмек ретінде Сингапур құзіретінде компания құрып, сол компания арқылы Вьетнам, Индонезия, Филиппин нарықтарына шығу амалдарын іздейді», - деді шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқарушы директоры Әділ Нұрғожин.


»Бәйтерек« өкілінің атап өтуінше, акселаторлық бағдарламаны аяқтап отырған компаниялардың барлығын да ағылшын тілін жетік меңгерген, таныстырылым жасап, шетелдік инвесторлармен сөйлесе алатын, өзге елдің нарықтарында да жұмыс істей алатын жастар құрған.

Синапурлық қордың 50 мың доллар көлеміндегі инвестициясына қол жеткізген компаниялардың бірі емтихан тапсыру кезінде студенттер мен оқушылардың алаяқтыққа баруына жол бермейтін «Aero» жобасын ұсынып отыр.

»Қазіргі уақытта емтихан кезінде студенттердің көпшілігі сынақты адал тапсырғысы келмейді. Олар интернеттен көшіріп, достарынан көмек сұрайды. Кейде өз орнына басқа адамды да кіргізеді. Бұл студентті білім алуға ынталандырмайды. Яғни, емтиханға бірнеше сағат дайындалғанның орнына көшіре салғанды жеңіл көреді. Мәселен, қазір коронавирус індеті жағдайында мемлекет мектептерді, университеттерді сертификаттау, сонымен қатар дәрігерлерді, мұғалімдерді, заңгерлерді аттестациядан өткізу процестерін онлайнға көшірген. Міне осыны дұрыстап қадалағап отырмасақ, бірнеше жылдан кейін елімізде біліксіз мамандар армиясы пайда болады. Досым Мирас Советов екеуіміз осы мәселені шешетін «Aero» жобасын құрдық«, - деді жоба жетекшісі, Назарбаев Университетінің түлегі Марғұлан Ермек.

Оның айтуынша, «Aero« емтиханды онлайн режимде өткізуге көмек көрсететін платформа саналады. Жоба автоматты түрде студентті танып, емхитан кезінде оның жауапты көшірген-көшірмегендігін анықтап бере алады.



Соңғы жаңалықтар