+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық стартапшылар бет-әлпетті, дене қызуын автоматты анықтайтын жоба ойлап тапты

2020 жылғы 23 шілде 19:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандық стартапшылар бет-әлпетті, дене қызуын автоматты анықтайтын жоба ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Clockster HR процестерін автоматтандыру жүйесін әзірлейтін қазақстандық стартап бет-келбетті анықтау, дене температурасы мен бетперденің болуын бақылау бойынша жаңа шешім ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana Hub халықаралық технопаркіне сілтеме жасап.

Clockster компаниясының негізін қалаушы және стартап жетекшісі Ержан Рысқалиевтың айтуынша, жоба тобы арнайы құрылғыға тапсырыс берді, оны енгізу сервиске келушілердің температурасын және бетперденің болуын анықтауға мүмкіндік береді.

«Жаңа шешім ұйым қызметкерлерінің дене қызуын, бетперденің бар-жоғын автоматты түрде анықтайды. Жоғары температура болған жағдайда - деректер автоматты түрде базада сақталады және жауапты тұлғаларға электронды мекенжай бойынша хабар жіберіледі. Сондай-ақ, дене қызуы бар адамға ғимаратқа өтуге тыйым салуға болады, ондағы жүйе қызметкерді турникет арқылы өткізбейді. Бұл бетперделерге де қатысты», - дейді Е. Рысқалиев.

Қазіргі уақытта жаңа жүйе Astana Hub халықаралық технопаркінде орнатылған және басқа компаниялардан 10-ға жуық алдын ала тапсырыс түскен.

«Бұл сервис коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін құрылыс секторы, ауруханалар, медициналық мекемелер, мектептер, университеттер үшін өте қолайлы. Қазір көптеген компанияларда келушілердің температурасын күзетшілер тексеруде. Мұнда адам факторы көп. Күзетші кей температураны байқамауы мүмкін және арзан құрылғылар да жалпы бір градусқа дейін қателік жібереді. Яғни, адамда 37 градус температура көрсеткіші болса, оны 36 градус деп көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, біздің қызметімізде келушілердің температурасын қолмен жазудың қажеті жоқ. Бізде барлығы цифрланған және автоматтандырылған, қонақтардың кіру/шығу жазбаларын көруге болады», -дейді стартап жетекшісі.

Қазіргі уақытта стартап Қазақстанмен ғана шектелмей, Ресей, Украина және Филиппин нарығына да шықты.

Айта кетейік, Clockster – Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы. Технопарктің барлық қатысушылары салық жеңілдіктерін алады. Бұл жеңілдіктер қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауар импорттаудағы ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және дербес резиденттердің әлеуметтік салығынан босатады. Осындай мемлекеттік қолдау шарасы ІТ-компанияларға өз жобаларын дамытуға, үнемделген қаражатты қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

«Жеңілдіктердің арқасында біз тек қызметкерлер үшін зейнетақы аударымдарын төлейміз. Бұл – өте үлкен көмек. Өткен жылы біз көп қаражат үнемдедік. Үнемдеген қаражатты жобаны дамытуға инвестицияладық, қызметкерлердің жалақысын көтердік»,-деп қорытындылады Ержан Рысқалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT